ҚР Президенті сайлауы бақылаушы тренерлеріне арналған оқу

Бүгін «AMANAT» Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен ҚР Президенті сайлауы бақылаушы тренерлеріне арналған оқу өтті.

Оқуды Саяси менеджмент академиясының диреткоры Данияр Мукитанов, «AMANAT» партиясының Коммуникациялар департаментінің директоры Мұхаммед Болысбек, «AMANAT» партиясының және Академиясының штаттық тренерлері мен арнайы шақырылған сарапшылар спикер болды.

Тренингте келесі тақырыптар талқыланды:

✅ Сайлау кезіндегі бақылаушылар рөлі

✅ Бақылаудың халықаралық тәжірибесі

✅ Сайлау өткізудің құқықтық мәселелері

✅ Бақылаушылардың құзыреттіліктері мен құқықтары

✅Әлеуметтік желілердегі жұмыстар.

📌Елдің түкпір-түкпірінен келіп, іріктеуден өткен 45 тренер осы тренингтен кейін өз облыстарының аймақтарына шығу арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаушы Халықтық коалицияның бақылаушыларын оқытады. Оқу аясында 2022 жылдың 18 қарашасына дейін елдің барлық аймағын қамту жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын Халықтық коалицияның 20 мың бақылаушысы мен ҚР Президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың сенімді өкілі сайлаудағы бақылаушы қызметі үшін оқудың бірінші кезеңін онлайн оқығанын еске сала етейік. Олар онлайн оқу кезінде сайлау және бақылаушылар мен сенімді өкілдердің рөлі туралы негізгі ақпаратты алды.

Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!