«Tomiris» 2024: құжат қабылдау басталды

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы жоғары көшбасшылық әлеуеті бар және өз бастамалары мен идеяларын ілгерілетуге дайын, белсенді әйелдердің қауымдастығын құруға бағытталған «Tomiris» әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту жөніндегі партиялық жобасына қатысуға үміткерлер өтінімдерін қабылдау рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.

«Tomiris» жобасы аясында белсенді әйелдердің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларды тиімді жүзеге асыруға қажетті дағдылары, білімі мен құзыреттерін дамытуға бағытталатын оқу ұйымдастырылады.

Алматы қаласында өтетін 3-күндік оқу бағдарламасына Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысушылар іріктеледі. Аталған бағдарлама көшбасшылық, гендерлік саясат, көпшілік алдында сөйлеу бойынша модульдерді және т.с.с. тақырыптарды қамтиды. Сонымен бірге бағдарлама Қазақстан мен Германияның көрнекті саяси қайраткерлерімен кездесулерді көздейді.

Оқудың қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілуіне ықпал ететін бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар мен құралдарға ие болады. Қатысушылардың жолақысы және Алматы қаласында тұру шығындары ұйымдастырушылардың есебінен өтеледі.

Бұл жобаға басшы лауазымдарында, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, әлеуметтік-экономикалық және саяси жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан, жоғары кәсіби, іскерлік қасиеттері мен көшбасшылық әлеуеті бар «AMANAT» партиясының белсенді әйел-мүшелері қатыса алады.

Жобаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін барлық құжаттарды ұсынып, конкурстық іріктеуден өту қажет.

Үміткерлер келесі іс-әрекеттерді орындауы керек:

  1. Комиссия арнап бейнепрезентация түсіру және оны Youtube платформасына жүктеу.

Бейнепрезентацияға қойылатын талаптарды келесі сілтемемен өтіп көру қажет: https://docs.google.com/document/d/1eDw1MpK1Ay3VzVZTYlg9NrpRxWqBzbS4/edit

  1. Соңғы жұмыс орнынан 1-ші ұсыным хатты алу.

Хатта үміткердің кәсіби тәжірибесі, дағдылары, жетістіктері және оны жобаға қатысу туралы ұсыныс сипатталуы керек.

  1. 2-ші ұсыным хатты алу:

    3.1) депутаттық жұмыс тәжірибесі бар кандидаттар үшін: мәслихат хатшысының ұсыным хаты міндетті. Хатта кандидаттың депутаттық өтілін растау, оның мінездемесі мен жобаға қатысу туралы ұсыныс қамтылуы тиіс.

    3.2) депутаттық жұмыс тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін: «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы басшылығынан ұсыным хат міндетті.

Хатта кандидаттың қай уақыттан бері «AMANAT» партиясының мүшесі болып табылатыны туралы ақпарат, оның мінездемесі мен жобаға қатысу туралы ұсыныс қамтылуы тиіс.

  1. «Tomiris» партиялық жобасы конкурстық комиссиясының атына электронды хатты жазу.

Ол хатқа жеке куәлік көшірмесін, түйіндемені, сондай-ақ. Үміткер бейнепрезентациясының YouTube-тегі сілтемесі мен 2 ұсыныс хат скринін тіркеу.
Электрондық поштадағы мәтіні ерікті. Хаттың тақырыбында міндетті түрде «Tomiris / Үміткер аты-жөні / аймағы» көрсетілуі керек.

Хат келесі мекенжайға жолданады: info@apm.amanatpartiasy.kz.

Түйіндеме формасын келесі сілтемемен өтіп, басшылыққа алу керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeCmb4mDUYicSbW6JQw3O81R4jmrABxkbriyOlWhJ92RGF0gg/viewform?usp=sf_link

  1. Онлайн-сауалнаманы толтыру Онлайн-сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdoUt-o447PeMs86szsntvw-cAsIf4Z-2Eo4nFdMlL2PAZ7Hg/viewform

Конкурстық комиссия үміткерлерді ұсынылған құжаттар (түйіндеме, бейнепрезентацияны) бағалау мен сұхбаттасу қорытындысы бойынша іріктейді.

Іріктеу шарттары: талаптарға сай бейнепрезентация, әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша бастамалардың/жобалардың болуы.

Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша «Tomiris» партиялық жобасы Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы Өкілдігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының қолдауымен іске асырылуда.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы 1–10 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін.

еmail: info@apm.amanatpartiasy.kz

Қосымша ақпаратты Академияның оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімі кеңесшісі Диана Русланқызы Кабеновадан алу болады (сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін хабарласуға болады): қалалық тел. +7 (7172) 70-76-75, ұялы тел. +7 747 824 0443.