«AMANAT» Саяси менеджмент академиясының қызметкерлеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін салтанатты табыстау рәсімі өтті

Бүгін «AMANAT» Саяси менеджмент академиясының қызметкерлеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Партия билеттерін Академия директоры Данияр Мукитанов табыстады.

Іс-шара барысында ол әріптестеріне партия Төрағасы Ерлан Қошанов пен Жауапты хатшы Асхат Ораловтың жетекшілігімен партияны трансформациялау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, партия мүшелеріне AMANAT партиясының жаңа брендингімен партия билеттерін табыс етті.