Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқу бағдарламасына өтініштер мен құжаттарды қабылдау аяқталды
Бүгін көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқу бағдарламасына өтініштер мен құжаттарды қабылдау аяқталды.
18 шілде - 15 тамыз аралығында барлығы 342 өтініш келіп түсті.
Осы аптада өтініштер мен мотивациялық хаттарға баға беріледі.
Келесі кезеңде жоба ұйымдастырушыларының өкілдерінен құралған конкурстық комиссия үздік үміткерлермен сұхбат өткізеді.
Оқу бағдарламасына іріктеуден өткен 30 үздік әйел қатысады.
Шақырту қатысушының электронды поштасына жіберіледі.
«Tomiris» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының және Конрад Аденауэр Қорының қолдауымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Қатысқан барлық жанға алғыс айтамыз! Парақшамыздағы жаңалықтарды жіберір алмаңыз.