«Жас саясаткер мектебі» оқу бағдарламасының бірінші легі өз мәресіне жетті
2 желтоқсан күні «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас саясаткер мектебі» оқу бағдарламасының бірінші легі өз мәресіне жетті.
📌Оқу бағдарламасы жас саясаткерлердің Әділетті Қазақстанды құру жолында өз кәсіби мансабын дамытуына көмектесетін қабілеттерін шыңдауға, білімін арттыру мен дағдыларын дамытуға бағытталды.
👥50 қатысушы 5 күн ішінде жаңа құралдарды меңгеріп, депутаттардың, эксперттер мен бизнес-спикерлердің тәжірибесімен танысып қана қоймай, алдағы уақытта «Жастар Рухы» қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын жастар мәселесін шешуге бағытталған жобаларды жасап шығарды.
«Жас саясаткер мектебі» жобасы – Қазақстанның белгілі саясаткерлерімен кездесіп, саяси мансабыңды құруда олардың тәжірибесін қолдануға берілген мүмкіндік.
Белгілі саясаткерлермен кездесуге, тәжірибелі де білімді мамандардан тәлім алуға берілген мүмкіндік үшін «AMANAT» партиясына алғысымды білдіремін», - деді бағдарламаға қатысушы Еркебұлан Ақболатов.
Семейден келген қатысушы Қорлан Тоғамбаева алған білімі мансабын қалыптастыруға көмектесетініне сенімді. «Оқу кезінде кәсіби тренерлер, белгілі қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар бізге көпшілік алдында сөйлеу қырларын үйретіп, заманауи жас саясаткердің бойында қандай қасиеттер болуы керек екенін айтты», - деді ол.
Оқу бағдарламасының соңында қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды!