«Жас саясаткер мектебі» жобасының білім алушылары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Кеше «Жас саясаткер мектебі» жобасының білім алушылары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.

Кездесуге Халықаралық істер, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің хатшысы Юлия Кучинская, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Мәди Ахметов, Экономикалық реформалар мен аймақтық даму комитетінің мүшесі Екатерина Смышляева, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Абаканов сынды депутаттар қатысты.

Депутаттар Мәжіліс пен «AMANAT» партиясының жұмысы, қабылданған заңдар мен болашақ жоспарлар туралы айтты.

Сонымен қатар, олар кәсіби мансаптарының қалыптасу жолы туралы айтып, өз салаларына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Кездесу нәтижесінде олар «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы қатысушыларына әрі қарай да қолдау көрсететіндерін айтты.

Бүгін оқудың соңғы күні, қатысушыларға сәттілік тілейміз!