«AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты

«Прогрессивті елдің тағы бір маңызды белгісі – әйелдің қоғамдағы мәртебесі. Сондықтан біз әйелдердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударуымыз керек». Қасым-Жомарт Тоқаев

Гендерлік стратегияны жүзеге асыру аясында елде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қызмет етеді, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты жаңа тұжырымдама қабылданды.
Аталған шаралар Қазақстанның әділеттілік қағидаттарына берілгендігін айқындайды және жынысқа қарамастан әрбір адамның табысты болуына мүмкіндіктері бар қоғамды қалыптастыруға әсерін тигізеді. Қазақстанның гендерлік теңдік саласындағы жетістіктерін халықаралық ұйымдардың деректері бейнелейді.

Анықтама ретінде: Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша 2023 жылы Қазақстан Гендерлік ауытқу индексінде 146 елдің арасында 62-ші орынға ие болды (2022 жылмен салыстырғанда +0,3%). Дүниежүзілік банктің «Әйелдер, бизнес және заң» рейтингіне сәйкес 2023 жылы Қазақстан 100-ден 75,6 балға қол жеткізді.

Партия құзыреттері деңгейінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің Министрлер кеңесінің «Әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге қатысуы туралы» шешіміне сәйкес (№7/09, Афина қ., 2009 ж.) «AMANAT» партиясы шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде сайланбалы лауазымдарда гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу құралы ретінде саяси партияларды ерлер мен әйелдердің тең қатысуына жәрдемдесуге шақырады.
Әйелдер партия мүшелерінің көптігін құрайды – 66,3%, сондай-ақ Орталық аппарат, аймақтық және аумақтық партия филиалдары мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері арасында әйелдердің үлесі – 56%.

Анықтама ретінде: Партиядағы әйелдердің саны:  2017 ж. 1 қаңтарға – 62,5% (637,7 мың адам);  2020 ж. 1 қаңтарға – 63,7% (586,7 мың адам);  2023 ж. 1 қазанға – 66,3% (523,9 мың адам).

Партия аппараттарындағы әйелдердің саны:  Орталық аппарат – 46% (44 адам);  Аймақтық және аумақтық филиалдар – 57% (614 адам);  Партия жанындағы ұйымдар – 56% (144 адам), оның ішінде:

  • Қоғамдық саясат институты – 46% (11 адам);
  • Саяси менеджмент академиясы – 88% (8 адам);
  • «Жастар рухы» ЖҚ - 44% (27 адам);
  • NUR MEDIA – 59% (23 адам);
  • Шаруашылық басқармасы – 60% (75 адам).

Партия аппараттарының басшы буын қызметкерлерінің 27,8% әйелдер болып табылады (291 басшыдан 81 әйел).

Анықтама ретінде:  Орталық аппарат пен партия жанындағы ұйымдарда басшылардың 33,3% әйелдер (Орталық аппаратта 33 басшыдан – 10 әйел, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда 12 басшыдан – 5 әйел);  Облыстық партия филиалдары төрағаларының 10% (20 адамнан 2 әйел, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында);  Атқарушы хатшылардың 30% (10 адамнан – 3 әйел, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Шымкент қалаларында);  Қалалық және аудандық филиал басшыларының 28,2% (216 адамнан 61 әйел)

Бастауыш партия ұйымдарының басшылары арасынан 49,9% әйелдер құрайды (3 895 БПҰ төрағасынан 1 943 әйел). 32% әйелдер орталық деңгейде партия Саяси кеңесінің құрамына кіреді (97 мүшесінен 31 әйел), 38,5% – аймақтық Саяси кеңестердің құрамында (3 175 мүшесінен 1 222 әйелдер). Салыстыру үшін 2006 жылы орталық деңгейде әйелдердің үлесі - 21%, аймақтық деңгейде – 21% болды. 8-ші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының Фракциясында депутат әйелдердің үлесі 17,7% (62 депутаттан 11 – әйел ), оның ішінде: партиялық тізімдер бойынша әйелдердің үлесі 22,5% (40 депутаттан 9 әйел) және бірмандаттық округтер бойынша – 9,1% (22 депутаттан 2 әйел).

Анықтама ретінде:  7-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінде «AMANAT» партиясының фракциясындағы депутаттардың 31,6% әйелдер болды (76 депутаттан 24 әйел);  6-шы шақырылымдағы Парламент Мәжілісінде «AMANAT» партиясының фракциясындағы депутаттардың 26,8% әйелдер болды (82 депутаттан 22 әйел).

Жергілікті өкілді органдарда «AMANAT» партиясынан депутат-әйелдердің саны 22,7% құрайды (775 әйел), оның ішінде:

Анықтама ретінде:  Облыстық мәслихат төрағаларының 10% (2 әйел Ақтөбе және Жетісу облыстарында);  Облыстық мәслихаттардағы фракция басшыларының 35% (7 әйел Абай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында);  Қалалық және аудандық мәслихат төрағаларының 20,6% (204 адамнан 42 әйел);  Қалалық және аудандық фракция басшыларының 30,5% (203-тен 62 әйел).

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанатын құру және дамыту мақсаты партия эгидасымен қазақстандық әйелдердің гендерлік теңдік қағидаттарын жүйелі ілгерілетуге, оларды елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріне тартуға бағытталған іс-қимылдары мен бастамаларын біріктіру болып табылады.

Әйелдер қанаты жұмысындағы қызметтің негізгі бағыттары партияның келесі басымдықтары болады:

  1. Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау
  2. Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы
  3. Инклюзиялық қоғамның дамуына жәрдемдесу
  4. Психологиялық қызмет институтын құруға және қызмет етуіне жәрдемдесу
  5. Өндірістегі әйел
  6. Ауылдық жерде әйелдердің бизнесін дамытуға көмектесу
  7. Әйелдердің денсаулығын және Отбасы институтын нығайтуға көмектесу
  8. Гендерлік сараптама мен гендерлік теңдікті ілгерілету
  9. Әйелдердің экономикалық құқықтарын және мүмкіндіктерін тұрақты кеңейту және дамыту
  10. Ғалым-әйелдер – Қазақстан ғылымының көшбасшылары