ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдерін оқыту өтті

Бүгін Республикалық қоғамдық штабта «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент Академиясының ұйымдастыруымен ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдерін оқыту өтті.

Курс Астана қаласында офлайн түрде, ал өзге аймақтар үшін онлайн түрде өтіп жатыр. Саяси менеджмент Академиясының директоры Данияр Мукитанов, Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Дәурен Базаров, Халықтық Коалиция мүшелері мен Академияның штаттық тренерлері курста білім беріп жатыр.

Оқу барысында сайлауалды бағдарламасы толық талданып, оның негізгі ережелері түсіндіріледі, Қ.Тоқаевтың бастауымен жүзеге асырылған реформаларға шолу жасалады.

«Агитация кезінде сенімді өкілдердің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаларының маңызын дұрыс жеткізе білуі маңызды. Сайлауалды бағдарламасы өз алдына жеке құжат емес, ол - Тоқаев жүзеге асырған реформалардың заңды жалғасы. Сенімді өкілдердің назарды дұрыс жерге аударып, Бағдарламаның маңызын жете түсінулері және оны сайлаушыларға дұрыс жеткізе білуі ерекше маңызға ие», - деді Саяси менеджмент Академиясының директоры Данияр Мукитанов.