Стартовало масштабное обучение наблюдателей от Народной Коалиции для выборов президента РК

Кеше ҚР Президенті сайлауында Халықтық Коалиция құрамынан бақылаушы болатын жандарды оқытудың ауқымды іс-шарасы басталды.

Семинар-тренингтің тақырыптары:

📎 Сайлау барысындағы бақылаушылар рөлі.

📎 Бақылаушылардың құзыреттіліктері: құқықтық аспектілер.

📎Сайлаудағы бақылау процесі. Бақылаушы қойын дәптерімен жұмыс істеу алгоритмі.

📎 Бақылаушы нұсқаулығымен жұмыс істеу.

📎 Әлеуметтік желілерде сайлау барысына ақпараттық қолдау көрсету.

Елдің барлық аймағынан арнайы оқудан өткен 45 тәжірибелі тренер - семинар спикері. Оқу елдің барлық аймағын қамтиды және 20 000-нан астам адам офлайн форматта оқып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау үшін құрылған Халықтық Коалицияның 20 мың бақылаушысы оқудың бірінші кезеңін онлайн өтті, олар онда бақылаушылар мен сенімді өкілдердің рөлі мен сайлау туралы негізгі ақпаратты алды.

Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!